Атырауда қоқыс арасынан жаңа туған нәресте табылды

Сәбиді далаға шылым шегуге шыққан 51 жастағы тұрғын көріп, дәрігерлер мен полицияға хабарласқан. Кіндігі де кесілмеген қыз бала Нұрсая ықшамауданындағы мына қоқыс контейнерінен табылған. Дәрігерлердің айтуынша, бала аузы буылған пакеттің ішінде жатыр екен.

Көрер жарығы бар сәби қазір Атырау облыстық перзентханасында жатыр. Осы іске байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, көкек ана іздестірілуде. Ал, нәрестені тауып алған азаматтың 5 ұлы бар екен. Ол баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, керек-жарағын да әкеп тастапты. Тіпті сәбиді асырап алу ниеті де бар дейді дәрігерлер.

Альмира Сабырғалиева, Атырау облыстық перинатальдық орталығы директорының орынбасары:

-Келген кезде балада тоңып қалу белгілері болды. Қазіргі енді балада медициналық тексеруден өткізілді,қазіргі жағдайы бірқалыпты. Енді ауруханаға нәрестені алып келгенде кіндігі кесілмеген, осы жерден алғашқы көмек көрсетіліп, баланың кіндігін дәрігерлер кесіп алған. Баланың салмағы 3 050, бойы 51 сантиметр.

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*
  1. Айару: Мұндай көкек аналарға тиісті шара қолдану керек