Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Елордада жыл басынан бері заңсыз қоқыс төккен 196 жүргізуші жауапқа тартылды

Астана қаласының ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының  қызметкерлері қоқыстарды, лас сұйықтықтарды төгетін азаматтарды анықтап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізуде. Жыл басынан бері заңсыз қоқыс төккен 196 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Елорда инфо.

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше,  өткен аптада Қорғалжын тас жолы көшелерінің  қиылысындағы белгіленбеген орынға қоқыс төгіп жатқан «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі 1975 ж.т. азамат Бейсеков ұсталған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК (34 035 теңге) көлемде  айыппұл салынды. Жалпы 2017 жыл басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 196 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың  жалпы соммасы 6 млн. 200 мың теңгеден астам.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*