Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Адвокаттар да алаңдап жүр

Қазақтың тағы бір мақалы «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспанан ізде» дейді. Әдетте, қазақтың кез келген аталы сөзінен астар іздеп, оларды өзіміз көтеріп отырған тақырыптарға қарай бұратын дағдымызға салсақ, жоғарыда біз айтқан мақалды заң үстемдігін сақтауға қатысты да қолдануға болатын сияқты. Яғни, бұл жерде айтпағымыз заң-зәкіүндердің ұңғыл-шұңғылын жақсы білетін заңгерлер мен адвокаттардың да басына іс түсетіні жайында болмақ. Қарапайым адам түгілі заңгерлердің құқын да кейде құқық қорғауға тиіс орган өкілдері бұзса «түйені жел шайқағанның» көкесі сол.

Негізі Қазақстанда полиция қызметкерлерінің заңды белден басатын кездері жиі кездесіп қалады. Қылмыспен күресте полицейлердің еңбегін жоғары бағалаймыз әрине, бірақ олардың арасында да азаматтарға қысым жасап, бопсалайтындар, мундир кигенін мәртебе көріп, өзгелерді көзге ілмейтіндер аз емес. Әдетте, полицейлер тарапынан жасалатын заңсыздықтарға байланысты қарапайым адамдар адвокаттарға жүгінеді. Соларға сенеді. Бірақ, адвокаттарға да кейде полиция қызметкерлері «тістерін батырып» алатыны бар.

Жақында, полиция қызметкерлерінен зәбір көрген адвокаттардың бірі Бауыржан Азанов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында адвокат екі жылға созылған күрестен кейін полиция қызметкерінің үстінен іс қозғатуға қол жеткізіпжеткізгенін айтты. Ал, мәселенің түп-төркініне тоқталар болсақ, оқиға былай өрбіген:

Екі жыл бұрын, 2017 жылдың қыркүйек айында Астана қаласындағы әкімшілік сотқа келген адвокат Азанов пен мекеменің күзет қызметкерлері шекісіп қалған. Сотта ісі қаралуы тиіс азаматтың құқын қорғауға келген адвокатты полиция қызметкерлері Фархад Тукенов пен Батыр Медетов тоқтатқан. Құжаттарын ұзақ тексеріп, біреулермен ақылдаса бастаған. Осы кезде сот процесі басталып та кетіпті. Полиция қызметкерлері өзара ақылдасуға кеткен сәтте адвокат Бауыржан Азанов турникеттен секіріп кірген. Сол сәтте полицейлер адвокатты тұтқындап, қолына кісен салып үлгерген. Кәнігі қыдмыскерді ұстағандай әрекет жасапты полицейлер. Бұл оқиғаны сотта болған адамдар да, бейнебақылау камералары да тіркеп алыпты. Сөйтіп, полицейлер адвокатты бір сағаттан кейін босатқан.

(Адвокат Бауыржан Азановты түсіріп алған бақылау бейнекамерасындағы таспа) 

Адвокаттың полиция қызметкеріне жағдайды түсіндіріп, қолына салынған кісенді шешкізген сәті.

Кейін адвокат полиция қызметкерлерінің жазалануын талап еткен. Бірақ, тергеу органдары полицейлер заңға қайшы әрекет жасамағанын алға тартып, адвокаттың тауы шағылса керек. Өйткені, сот ғимаратына кірген адамды тергеп-тексеру терроризмге қарсы күрес қимылдарының бірі болып саналатын көрінеді. Дегенмен, Бауыржан Азанов алған бетінен қайтпаған.

Сөйтіп, екі жылдан кейін іс қозғаудан бас тарту туралы шешімді өзгертуге қол жеткізіпті. Алайда, әзірге қол жеткізгені тек іс қозғау жөніндегі шешім ғана. Одан кейін де талай белес бар. Оның үстіне тергеу ісінің ішектей созылып кету қаупі бар. Тергеушілер полициядағы өз әріптестерін қорғап абғары сөзсіз. Сйөтіп, «соза берсең, тоза береді» дегенұстаныммен адвокаттаы жалықтырып жібергілері келетін тәрізді. Мұндай ойды баспасөз мәслихатында адвокат Бауыржан Азанов айтты.

Жалпы, соңғы кездері авдокаттарға қысым жасау көбейіп келе жатыр. Әсіресе, сотта өздері қорғауға тиіс азаматтардың мүддесін әділ қорғап, айыптаушыларға қарағанда мығым уәж айтатын әрі қоғамдық тұрғыда белсенді адвокаттарға қысым жасау көбейген. Бауыржан Азановты қолдау үшін баспасөз мәслихатына келген адваокат Серік Айтбаев әріптестеріне таяқ ала жүгіретіндер көбейіп кеткенін айтты. «Алматыда осындай оқиға боды. Ювеналды сотта полиция мен күзетінің көз алдында әріптесім таяқ жеді. Ол арыз жазды, бірақ ешқандай шара қолданылған жоқ. Сөйте тұра біздің соттар мен прокурорларға «иммунитет» берілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты істер тез арада тергеледі, олардың басынан құс ұшырмайды. Адвокаттар кәсіби қызметтерін атқару барысында қысым көрсе, ешкім көңіл аудармайды»,-деді С.Айтбаев. Ал тағы бір адвокат Айгүл Баймағамбетова өзіне Алматы қалалық ІІД тергеушілерінің бірі қысым жасағанын айтқан.

Әрине, бұл оқиға бойынша іс қозғалыпты, бірақ адвокат бұл іс те «су аяғы құрыдымға кетер» деп қауіптеніп отыр. Бір сөзбен айтқанда адвокаттарға қысым жасау деректері аз емес. Мәселен, белгілі адвокат, фейсбук желісінің белсендісі Джохар Утебеков өзінің кеңсесіне белгісіз екі адам келіп қоқан-лоққы жасағанын жазған еді. Ол өзінің жазбасында әріптесі, адовкат Әлімжан Оралбайға белгісіз біреу келіп «абайлап жүр» дегенін, содан соң «жағдай тревожный» деп ескерту жасағанын жазған. Бұл оқиға 25 тамызда болыпты. Сол күні адвокаттар отыратын бизнес орталықтың есігенен кіре берісте, бастарына күләпараларын киіп, беттерін тұмшалауға тырысқан екі адам келген.

Олар «нотариус Әлімжанды» іздеп жүрген көрінеді-мыс.

«Абайлап жүр»,-деген адам осы. «Нотариус Әлімжанды» іздегендер осылар.

Одан бөлек көптеген адвокаттар өздерін сырттай бақылаушылар мен телефондарын ытңдау көбейіп кеткенін айтып жүр. Сондықтан, адвокаттар алқасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазуға бел буып отырған көрінеді.

Ардагелді САЯСИ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*