Қалада қайыршылар қаптап жүр….

қайыршы

Көше бойын торуылдап, алақан жайып, қайыр сұраушылардың әрекетіне тосқауыл қоятын мекеме табылмай тұр. Жолдың қақ ортасына тұра салып жүргізушілерден ақша сұрайтындар кейде жол-көлік оқиғасына себепкер болатыны жасырын емес. Бірақ, бұл жайт құқық қорғаушылардың назарынан тыс қалуда. Осылайша көше бойындағы қайыршылардың саны күн санап артып келеді, ал олардан тәртіпті талап ететін ешкім жоқ.

с Арасында жасы да, кәрісі де, мүгедектері де бар. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жанның рөлін сомдайтын «әртістері» де табылады.

мүгедек

Бір қызығы, жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлері оларға көңіл аудармайтын секілді. Жазаға тарту үшін заңды бұзғандардың аты-жөнін, тұрғылықты мекенжайын анықтау қажет. Арасында жақын шетелдерден келгендері де бар. Ал оларды елден аластату үшін соттың шешімі қажет. Міне, осының бәрін түсінетін тәртіп сақшалары жол үстінде тұрған қайыршыларды көргенде көздерін жұмып өте шығатын секілді.

Шымкент қаласында баспанасы жоқ қаңғыбастарды оңалту орталығы жұмыс жасайды. Ол жердегі адам саны күн суыта толығы түседі. Көшедегілер пана іздеп сонда барады екен. Ал тағы бір бөлігі белгілі бір топтарға жұмыс жасайтындар, таңертең көшеге отырғызып, кешкісін тапқан ақшасын алып, жалдамалы пәткерлеріне алып кетеді. Осы әдіс баршаға белгілі, бірақ оған ешкім тосқауыл қоюға бас ауыртпай тұр.

Тілшілермен сұқбаттасқын жергілікті полиция өкілдері жұмыс жасап жатқандарын айтып, ағынан жарылып отыр. Дегенмен, жыл басынан бері қанша қайыршыға заң бұзғаны үшін шара көрілгенін айта алмады.

Нұрлан Күдерұлы

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*