Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Өскеменде онлайн-казино ашқан Алматы қаласының тұрғыны сотталды

 

 

казино

Атбасын Шығыс Қазақстанның орталығына бұрған Алматы облысының тұрғыны пайда табу үшін ерекше «кәсіп» ашады. Онлайн-казиносы бар ойынхана құрған ол өз мекемесін компьютерлік клуб ретінде ұстап жасырып келген. Бұл оқиғаның мән-жайы Өскемен қаласының №2 сотында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

2017 жылғы сәуір айының соңында 30 жастағы ер адам салық төлеу органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі. Тіркеу кезінде ол «Халықтың көңілін сергітетін кәсіппен айналысқым келеді. Нақты айтсам, компьютерлік клуб құрсам ба деймін» дегенді айтқан. Жеке кәсібін енді дөңгелендірмек болған кәсіпкер Өскемен қаласындағы мекемелердің бірін жалға алып, оның ішіне компьютерлерді орналастырады.

Әуел баста бұл жер расында да қарапайым компьютерлік клуб ретінде жұмыс істей бастағанымен, уақыт өте келе ақша тігетін мекемеге айналады. Компьютерлердің ішіне орнатылған арнайы бағдарлама арқылы клиенттер онлайн-казино ойнауға мүмкіндік алған. Ойынханаға табан тіреген клиенттер құмар ойындарды ойнау үшін кассаға ақша салады. Ал жауапты адамдар ол кассаға түскен ақшаны ойыншы отырған компьютерге аударады. Егер ол ұтып алған жағдайда, тиісті ақшаны сол касса арқылы шығарып отырған, бірақ бұл ойынхананың заңды мекемелерден бір айырмашылығы – чектің мүлде берілмеуінде болды.

Экономикалық тергеу қызметінің мамандары жасырын казиноның бар екендігін анықтаған кезде бірден сол жерге өз адамын жібереді. Құмар ойыншы кейпіне енген агент онлайн-казино ойнап 3000 теңге ұтып алған. Осылайша, бұл мекеме басшысының заңсыз әрекеті толықтай өз дәлелін табады. Экономикалық тергеу қызметінің анықтауынша, кәсіпкер казинодан 5 млн. теңгеге жуық пайда көрген.

Сотталушының кінәсін толықтай мойындауын және өз ісіне қатты өкінетіндігін ескерген сот оны 2 жылға бас бостандығынан шектеп, заңсыз жолмен тапқан ақшасын тәркіледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*