Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

ТШО кінәсі

Жылыой ауданы прокуратурасы 30 мамыр күні сағат 8.45-те Теңіз газөңдеу зауытының КТЛ-2 екі қондырғысында жабдық тоқтап қалғанын анықтады. Соның салдарынан ауаға тасталған ластаушы заттардың шығарындысы орын алған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Теңізшевройл» ЖШС-ін ҚР ӘҚБтК 328-бабы («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») бойынша кінәлі деп танып, 278 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*