Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Күдіктілердің қара сөмкесінен 7 тапанша және 67 оқ табылды

Астаналық тәртіп сақшылар құжат тексеру үшін тоқтатылған «Тойота» автокөлігіндегі күдіктілердің  қара түсті сөмкесінен 7 травматикалық тапанша мен 67 оқ тауып, тәркілеген, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласының ІІД Баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйеніп.

Құзырлы органның мәліметінше, қолға түскен қаруларды тексеру кезінде 6 тапаншаның зауыттан шыққан нөмірі өшірілген, ал 1 қарудың Қарағанды облысында жоғалған қарулар есебінде тұрғаны анықталған. Қазіргі таңда сарпатама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде.

Ал машинадағы күдікке ілінген 22 және 27 жасар жолаушылардың бұрын  Қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабы бойынша сотты болғандары және олардың 28 жасар жүргізушінің танысы екені анықталды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Астана аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*