Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Полицейдің немқұрайдылығы ең қауіпті құбылыс

Бүгінгі қоғамда  қылмыстың сан түрі пайда  бола бастапты.  Зардап шегушіге көмектескен болып жүріп-ақ пайдаға кенеліп қалғысы келетіндер бар.  Тіпті, мұндай әрекеттерді ұйымдасқан қылмыс түріне де жатқызуға  болатын сияқты.

Әлеуметтік  желілерде 27 қазаннан бері  бір бейнетаспа тарап жүр. (https://www.youtube.com/watch?v=zIzhkFNDKoU) Бір қарасаңыз қоғамдағы түрлі  құқық  бұзушылықты көрсеткен қарапайым бейнетаспа   болып көрінуі  мүмкін. Тіпті,  оқиға орнында  болған азаматтардың  зардап шегушіге  көмектесіп жатқаны да байқалады. Бірақ, бұл бейнетаспадағы оқиғаға қатысушылардың арам ниетін сол кезде ешкім аңғара қоймаған тәрізді.

Енді  оқиға желісіне тоқталайық. 26 қазан күні Астанадағы «Гүлжан»  суда  үйінің  алдында екі азамат шекісіп  қалған. Ерегістің салдарынан әлгі азаматтардың бірі соққыға жығылса керек. Сөйтіп,  ол кейін аурухана жеткізілсе,  соққыға жыққан адам  ұсталыпты. Былай қарасаңыз болған біткені осы. Рас,  бейнетаспадан жарақат алған азаматқа  көмектескен болып, қалтасын тінткен  адамды  байқауға  болады. Оны  ішкі істер  органдары қызметкерлерінің іздеп жатқаны да жасырын емес. Астана  қалалық ІІД бейнетаспадағы адамды іздеп жатқаны туралы мәлімет те  таратқан. Дегенмен, бұл жерде  құқық қорғау қызметкерлерінің де жауапкершілігі мәселесі шығып тұр.

Фейсбук әлеуметтік желісіне  Stas Gross   деген атпен тіркелген қолданушы оқиғаға  өзгеше сипаттама беріпті. Келісуге де  болатын сияқты.  Оның  ойынша   оқиға ұйымдасқан қылмысқа ұқсайды. Бұл жерде әрине  полиция қызметкерлерінің  тонаушылармен  ымыраласуы мүмкін екендігі айтылған.  Өйткені,   соққыға жығылған адам  төбелестен сәл бұрын  «Гүлжан» сауда үйінің   жанындағы  банк  бөлімшесінен шыққан деседі. Бәлкім,  ол банктен несие алуы да ғажап емес. Тым болмағанда  банкоматтан ақша алған болуы да мүмкін.  Ал сыртқа  шыққан бетте  төбелес болыпты.  Төбелес салдарынан  соққыға жығылған.

Кейін  ІІД  баспасөз хатшысы София Қылышбекова зардап шегушінің басы жарылғанын айтқан. Алайда,  бейнетаспада соққыға жығылған азаматтың айналысы қан-жоса болып жатыр.  Интернет  қолданушылардың басым бөлігі  соққыға жығылған азаматты пышақтаған болуы мүмкін екендігін айтқан. Бірақ,  зардап шеккен Бауыржан Исабековтың  әпкесі Наргиз Ахметова інісінің банкке кірмегенін,  суық қарудан зардап шекпегенін айтып, масс-медиа өкілдеріне пікір  білдіріп те үлгерген.  Жарайды, мұны да бір шетке  ысырып  қоя тұруға  болады. Бірақ,  оқиға кезінде  сол маңда  жүрген полция қызметкерлерінің әрекетін  қалай түсінуге  болады?

Зердап шегушінің  қалтасын  көлденең біреу тінтіп, ұрлық жасап  жатқанда  полция  қызметкері қалай үнсіз тұр? Полция қызметкері қырағы  болуы  тиіс еді  ғой. Мұнда ондай жоқ.  Керісінше  бейнетаспаны көрген адамдар зардап шегушінің қалтасынан зат алып кеткен адамның әрекетін  байқаған.  Екінші,  алғашқы  медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін  білетін полция қызметкері не себепті зардап шегушіге  көмектеспеді? Тым құрығанда  жарақат алған адамды өзгелердің әрі-бері қозғауына мүмкіндік бермеуі тиіс еді ғой. Мұндай жарақат алған адамды  жедел жәрдем келгенше   қозғалтуға болмайтынын  өзге емес  полиция қызметкері  білуі тиіс еді. Ал мұнды ол жай ғана  бақылып, қызықтап тұр.  Бұл жағдай бірнеше болжам жасауға итермелеп отырған жайы бар.

Әрине , бірінші кезекте  полция қызметкерінің   жоғарыдан бұйрық түспей әрекет еткісі келмеген болуы мүмкін. Екіншіден, ол өзінің қызметтік нұсқаулықтарын мүлдем білмейтін  де шығар. Үшіншіден,  ұрыларды бұрыннан танитын болуы ғажап емес. Ымыраласып та  жүрген  шығар. Әрине, мұның бәр болжам. Бірақ,  бір ғана оқиға   полиция  қызметкерлерінің  арасында да ала-құланың мол екендігін көрсетіп берді.  Сонымен қатар,  полция қызметкерлеріне деген сенімді де шайқалтып кетті. Онсыз да  бұқараның полцияға сенімі  жоғары емес еді. Мұндай оқиғалар тіптен сенімнен айырады.

Сондай-ақ,  осы оқиға біздің азаматтардың көп дүниеге немқұрайлы екендігін  байқатты. Тым  болмағанда  төбелес кезінде кәдімгі арашашы  табылмағаны  өкінішті. Немқұрайлылық кез келген қоғамды жар басына  итермелейтін  кесел екендігін әлі  түйсіне алмаған екенбіз. Дегенмен,  құқық бұзушылыққа төзбеу мәселесінде азаматтардың белсенділігі жақсарып келе жатқанын да осы оқиғадан байқадық. Біз сіздерге  ұсынған бейнетаспадан ұрыларды байқаған, полция қызметкерінің  немқұрайлы қарап тұрғанын көргендер де   қарапайым азаматтар. Бұл жағдай   әлеуметтік желіні «полцияға» айналдырып отыр. Өйткені, қоғамдық тәртіпті қазір әлеуметті кжелі күзететін сияқты.

Ардагелді САЯСИ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*