Министрлер мен әкімдер көліктерге 6 млрд. 700 млн теңге бөлгізген

 

 

ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы шенеуніктердің шетел көліктеріне тым әуестігін айтып, импорттық көлікке тыйым салуды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Биыл біздің шенділер үшін сырттан өткен жылмен салыстырғанда жеті жарым есе көп импорттық темір тұлпар алыныпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 67 техника сатып алынса, биыл 508. Мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар импорттық көлікке бюджетінде 6 млрд 700 млн теңге бөлгізген. Әсіресе өңірлік әкімдіктер қымбат жол талғамайтын жапон көліктерін жақсы көреді екен. Оның ең арзаны қазынаға 24 млн теңгеге түседі. Енді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағы мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Онда мемлекеттік қызметкерлер шеніне қарай көлік мінсін, шетелдің өніміне шектеу салынсын, сатып алуларда отандық көлікке басымдық берілсін делінген. Сонда жыл сайын көліктен кем деген 1млрд теңге үнемделмек.

«Мемлекет соңғы 15 жылда отандық авто өнеркәсіпке көп қаражат құйды. Президенттің өзі «отандық өнім ал» деп ұран салып жатқанда, осы көштің алдында болуы тиіс мемлекеттік органдардың шетелдікіне жүгіргені түк түсініксіз. Тіпті қисынсыз. Ал шалғайдағы аудандық әкімдер үшін нағыз жұмыс көлігі «Нива» бар», — дейді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағының төрағасы Олег Алферов.

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*
  1. Балғын: Құтырды бұлар,сол қаржыны оданда халыққа бермей ме.