Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Бала құқын қорғауда мақтана алмайтын елміз

Қазақ «баланы  жастан»  тәрбиелеуді   құп көретін жұрт екені рас. Бірақ, кейде  мұндай тәрбиенің соңы балаға қысым көрсету, зорлық-зомбылық жасауға апарып соғатыны бар. Қазақстанда 5-9 жас аралығындағы балалардың 58 пайызы  қатыгездік арқылы тәрбие көрген деседі. Бұл ЮНИСЕФ деректері.

бала құқы

 

Жалпы,  жаһанда  миллиондаға бала зорлық-зобмылық пен   қатігездікке душар болатын көрінеді. «Балаларға, соның ішінде, бір жасқа толмаған бүлдіршіндерге зорлық-зомбылық көрсету барлық жерде, үйде, мектепте және қоғамда кездеседі», – делінген  ЮНИСЕФ-тің есебінде. Ұйым жариялаған  баяндамаға сенсек  зорлық-зомбылыққа  тіпті бір жасқа  толмаған  балалар да ұшырап жататын көрінеді. Әрине, балаға тәрбие беру барысныда бір-екі рет шапалақпен тартып кету  болмай тұрмайтыны рас. Бірақ, оның соңы зорлық-зомбылық пен қатігездікке апарып соғуы да бек мүмкін екен.  «Бүкіл әлемде балаларға келтірілетін залал алаңдаушылық тудырады. Сәбилерді бетінен ұрады, қыз және ұл балаларды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлейді, жасөспірімдерді өздері тұратын аудандарда өлтіріп кетеді – балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық ешкімді аямайды, шектеуді де білмейді»,- деп мәлімдепті ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау мәселелері жөніндегі басшысы Корнелиус Уильямс.

«Таныс бейне: балаларға және жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсету» атты есепте нақты  статистикалық дерек келтірген ЮНИСЕФ зорлық-зомбылық жасалатын орындар мен  қатігездіктің түрлерін бөліп қарастырыпты. Есепте келтірілген  деректерге қарағанда кітшкентай  балаларға   өз үйлерінде  зорлық-зомбылық жасау азаймапты. Дүние жүзінде 2-4 жас аралығындағы балалардың төрттен үш бөлігі – шамамен 300 миллионы – өз үйінде психологиялық агрессияға (озбырлыққа) немесе дене жазалауына душар болады екен. Қазақстанда бұл көрсеткіш 50 пайызға жетіпті. Әлемдегі 30 мемлекетте бір жасар 10 баланың 6-ы жүйелі түрде күштеп тәртіпке салынады. Бір жасар балалардың төрттен бір бөлігін жазалау ретінде сілкілейді, әрі 10 баланың біреуін ұрып-соғады. Біздегі көрсеткіш 30 пайыздан асыпты. Ал, жаһанда бес жасқа толмаған 4 баланың біреуі (177 миллион бала) ер азаматтың әйелді ұрып-соққанын көрген. Яғни,  үйде ыдыс-аяқ сылдыры бітпейтін  отбасында  өсіп келе жатыр. Әрине,  Қазақ елінде  бұл жағдайдың қандай деңгейде екендіні ЮНИСЕФ есебінде  көрсетілмеген. Дегенмен, сауалнамаға қатысқан 3 ересектің екеуі (немесе ересектер қауымының 67 пайызы) психологиялық немесе дене жазалауын қолдандым деп санайтын көрінеді. Одан бөлек бізідң елде балалардың 62-79 пайызы  отбасында негізінен ата-анасының/қамқоршыларының тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылықтан азап шегеді. Бұл ретте, зорлық-зомбылық көрсету ұрпақтан ұрпаққа таралу үрдісіне ие. Балалық шағында психикалық қысым немесе физикалық зорлық-зомбылық көрген ересектер дәл сондай әдістерді өз балаларын тәрбиелеуде қолдануға бейім келеді екен.

Одан  бөлек, ұлмен қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету деректері де есептелсе керек. Бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 15 миллионға жуық жасөспірім қыздар өмірінде мәжбүрлі жыныстық қатынасқа немесе өзге түрлі мәжбүрлі жыныстық қатынасқа түсуге душар болған.  Бұл ретте, жыныстық зорлық-зомбылық көрген жасөспірім қыздардың тек 1 пайызы  ғана кәсіби көмекке жүгінгенін айтқан. 28 елде мәжбүрлі жыныстық қатынасқа түскен осы жасөспірім қыздардың 90 пайызы орта есеппен алғанда зорлаушыны жақсы танитынын айтқан. Алты елден алынған мәліметтер көрсеткендей, жасөспірім ұлдарға көрсетілетін зорлық-зомбылық та көбінесе достарымен, сыныптастарымен және жолдастарымен жасалады екен. Әрине,  жасөспірім  балаларды зорлау деректері біздің елде де кездесіп жатады. Балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасайтындарды қазақ «зәнталақ»  деген бұрын. Солар соңғы кездері  жиі кездесіп жүр. Өткен жылы мұнда оқиға  бірнеше мәрте  тіркелген. Был да кездесті. Тіпті, 6 жастағы қызды зорлаған зәнталақтар кездескен. Демек,  балалар құқын қорғау мәселесінде қазақ қоғам  әлі де  болса салғырттық танытып келе жатқанға ұқсайды.

Тағы бір дерек. Жаһанда мектеп жасындағы балалардың жартысы, яғни  732 миллион адам мектептерде дене жазалауына толығымен тыйым салынбаған елдерде тұрады. Қазақстанда  болса,  мектеп оқушыларының жартысынан көбі  немесе 66,2 пайызы мектепте зорлық-зомбылыққа душар болады екен. Бұл жерде  көбін достары, таныстары, ересек оқушылар немесе үлкендер  қысым жасайтын  болса керек. Бір сөзбен айтқанда,  «баланы-жастан, қатынды-бастан» деген қазақы ұғымды біз тәрбие мәселесінде тек ұрып-соғу деп қана ұғатын сияқтымыз.

Ардагелді САЯСИ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*