Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Астанада 1800-ге жуық адам жануарлардан зардап шекті

Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7% 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана ветсервис» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес зардап шекккендердің 60 пайызын қаңғыбас ит қапқан.

«2017 жылдың басынан бері қала бойынша мысық тырнап, ит қапқан 1 777 оқиға тіркелді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Өткен жылы осы кезеңде 1838 оқиға тіркелген болатын», – деді Астана ветсервис өкілі қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында.

«Астана ветсервис» ЖШС бүгінге дейін 5457 қаңғыбас ит пен 569 мысықты аулады. Мамандардың айтуынша, қаладағы қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру кезінде орын алуда. Атап айтқанда, тұрғындар үйлерінен көшкен кезде ит-мысықтарын қараусыз қалдырып кететін көрінеді. Салдарынан иесіз ит-мысықтар саны артуда.

Бұл мәселеге қатысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тиісті басқармаларға тапсырма жүктеді.

«Тұрғын үй басқармасы апатты жағдайдағы үйлерді күреу және тұрғындарды көшіру кезінде үй жануарларының бар-жоғын анықтап, қажет болған жағдайда тізімін жасау керек, яғни тұрғындарға ит-мысықтарының қайда және қалай тапсыруға болатыны туралы ақпарат берілуі тиіс», – деді Астана әкімі Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, әкім Жергілікті полиция қызметіне қолданыстағы заңға сәйкес иттер қараусыз жүрген болса иесіне ескерту жасау, ал адамды қапқан жағдайда айыппұл төлету керектігін айтты.

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. Марат: Енді осы ит пен мысықтың проблемасына бас қатырамыз ба