Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Жұмыскер құқын бұзғандарға шара қолданды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары биыл 9 ай ішінде 7 743 тексеру жүргізген. Шара барысында мекемелерде заң талаптарын сақтау жағдайы сарапқа салыныпты. Нәтижесінде 11 019 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 212-сінде жұмыс уақыты сақталмаған. Ал еңбек қатынасына қатысты адам құқы 7 400 рет бұзылған.

жұмыскер құқы, құқық бұзушы

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өт­кен баспасөз мәслихатында мә­лім болды. Жиында Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон ко­митетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов тексеру кезінде мәлім болған заң бұзушылық әре­кеттерін болдырмау мақ­сатымен еңбек инспекторлары 4 746 нұсқаулық бергенін және 360,2 млн теңгеге 2 326 әкімшілік айыппұл салынғанын жеткізді. «Бір тәулікте жұмыс уа­қы­тынан тыс жұмыс әр қызметкер үшін екі сағаттан аспауы керек. Ал бір айға шаққанда ол 12 сағаттан аспауы тиіс, жылына – 120 сағат. Еңбек заңын бұз­ған азаматтар заңға сай жауап­кершілікке тартылатынын айта кетейін», деді комитет төрағасы.

Спикердің сөзінше, жұмыс беруші жұмыскерлеріне қатысты еңбек шартын бұзған жағдайда ол адамдар немесе олардың өкілдері еңбек инс­пекциясына шағымдана алады. Берілген арыз арқылы мекеме тексеруден өткізіледі. Заң бұзушылық тіркелсе, Қа­зақ­стан Республикасының заңна­масына сай тиісті шаралар қолданылады. Қазақстанда Еңбек күні 2013 жылдан аталып өтілетінін, 2014 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Еңбек ері» медалі тағайындалғанын еске салған Ақмәди Сарбасов аталған марапат 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәти­желерге қол жеткізген қыз­мет­керлер мен зейнеткерлік жас­қа жеткен адамдарға беріле­тінін айтты. «Бүгін әр саладан бір өкіл «Еңбек ері» атанды. Қа­те­леспесем, 9 адам. Бұл әр сала­ның, әр мемлекеттік ор­ган­ның таңдауы болды», деген ол еңбек ардагерлері де марапаттау­дан шет қалмайтынын жеткізді.

Асхат РАЙҚҰЛ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*