Астананың учаскелік полицейлері 115 мыңнан астам пәтерді және 9 мыңнан астам жеке үйлер аралады

Елордада өткізіліп жатқан «Участке» жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары 115 мыңнан астам пәтерлерді және 9000-нан астам жеке үйлерді аралап шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

участке, қару, қару сақтау

astana.gov.kz

«ІІО тіркеуде тұрған шамамен 4500 азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 7000-нан астам азаматтық қару иегерлері тексеріліп, оның ішінде 57 қаруды сақтау ережелерін бұзғандар анықталды. Учаскелік инспекторлармен шамамен 312-ден аса әкімшілік учаскелерде халық алдында есеп беру өткізілді» , делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру барысында заңсыз жалға берілетін шамамен 1200 пәтер анықталып, ақпарат Мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді. Сондай-ақ тұрғылықты жері жоқ 36 азамат қабылдап тарату орталығына жеткізілді.

Айта кетейік, 10 қыркүйектен бастап Астана қаласында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оған ІІД барлық бөлімшелерінің жеке құрамы мен ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының әскери қызметкерлері қатысуда. Аталған жедел алдын алу шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*