Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Атырау облысының шалғай ауылдарына газеттерді дрондар жеткізеді

дрон

Атырау облысының шалғай ауылдарына газеттерді дрондар жеткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда дрондарды, яғни ұшқышсыз ұшатын аппараттарды Атырау облысының бірқатар аудандарына газет, журнал жеткізу үшін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылуда. Біз аталған ұшқыш аппараттардың алғашқы нұсқаларын алдық. Қыс түсісімен біз дрондарды Қызылқоға ауданында пайдалануды жөн көріп отырмыз. Өйткені аталмыш аймақта аудан орталығы мен кейбір ауылдық округтердің арасы 100 км-ден асады.

Дрондардың көмегімен ауыл тұрғындары жаздырып алған газеттер мен журналдар тиісті жеріне жеткізілді. Егер дрондарды пайдалану бастамасы біздің үмітімізді ақтайтын болса, бұл тәжірибені біз өзге аудандарда да қолданатын боламыз»-деді «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының директоры Бауыржан Өтепбаев.

Айта кетейік, дрондарды алғаш болып «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері пайдалана бастаған болатын.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*