Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Мектепке қыздарының хиджаппен жүруін талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады

Мектепке қыздарының хиджаппен жүруін талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Әйтсе де, әлі күнге дейін сабаққа баласының бетін бүркемелеп жіберетіндер азаяр емес. Олар мектеп формасын талап еткен мұғалімдердің өздерін сотпен қорқытады. Ал билік өкілдері керісінше заңға мойынсұнбағандарды қатаң жазалауға негіз бар екенін айтады.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келуіне қатысты дау бір басылар емес. Мұғалімдер білім министрлігінің бұйрығын алға тартып, діндар ата-аналарға талап қойғанымен, көбі әлі күнге дейін қарсылық танытып келеді.

Бір Ақтөбенің өзінде үш жүзге жуық оқушы мектепте бетін бүркемелеп жүреді. Алғашқыда ата-аналар оны ұлттық киім – кимешекке теңеп алдаусыратқан еді. Кейін тіпті кейбіреулері баламыздың құқығы бұзылды деп мектеп басшыларын  сотқа сүйреген. Бірақ бұйрықтың да заңдық күші барын білгенде ғана райларынан қайтыпты.

Бір ай бұрын Жаңазендегі оқушылардың әкелері наразылыққа шыққан еді. Әйтсе де ондағы жағдай түзеліп, оқушылар жаппай орамалдарын тастапты. Ал Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Жезқазған қаласында тәртіпке бағынбайтын ата-аналар жеткілікті. Сондықтан заңға мойынсұнбағандарды жазалау артық етпейді дейді дін істері министрлігіндегілер. Себебі, ескертуді елемегендер әкімшілік жуапкершілікке тартылады.

Бірінші ескертуден соң талапты орындамаған ата-анаға жиырма мың теңгеден астам айыппұл салынады. Бұған мойынсұнбаса ол айыппұл екі есеге көбейеді. Яғни 45 мың көлемінде. Бұдан кейін айтқанға көнбей, заңды елемей қойған ата-анадан баланы оқшаулап, арнайы мектепке жібереді. Ал баласына қатысты заңды орындаудан мүлдем бас тартып жатса ата-аналық құқығынан айрылады.

Балғабек Мырзаев, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы: -Неке және отбасы туралы кодексте қарастырылған. Ол жерде егер ата-ана төртінші мәрте мұны тағы да табандап тіреп, қолданыстағы заңдарды орындағысы келмеген жағдайда ата-ана құқығынан айыру қарастырылған. Сондықтан бүгін біз ата-анаға түсіндіріп жатырмыз.

Мұғалім заңгер емес. Олар орамалға қатысты ата-ана өз құқығын алға тартқанда көбісі абдырап қалады екен. Ақтөбенің өзінде дін басқармасындағылардан жиырмадан астам мектептің директоры заңдық тұрғыдан көмек беруді сұрапты.

Қазір оларға Астанадан келген мамандар кеңес беріп жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіндегілер мұндай жұмыстарды өзге де аймақтарда жүргізетіндерін айтады.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Ербол: Балғабек Мырзаев, сізді адам екен десем ит екенсіз. Діни біліміңізге түкірдім екі жүзді ит
  2. Парманқұл: Хиджап деген бетті бүркемелейтін киім емес. Оның аты паранджы. Соны айырып алып, содан кейін талап қойғандары дұрыс болар.
  3. Парманқұл: Атазаңның 14-бабы. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.