Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Елордалық тәртіп сақшылары пәтерлерді заңсыз жалға бергендерді анықтап жатыр

«Сарыарқа» ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі пәтерлерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік шараларды жүргізуде,-деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Тексеру шараларының барысында 24 қазанда Қарасай батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде пәтерді заңсыз жалға беру фактісі анықталған болатын.

«Пәтер иесі азаматы ҚР ӘҚК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — делінген ЖПҚ-нің хабарламасында.

Жергілікті полиция қызметі «Сарыарқа» ауданының тұрғындарына үйді жалға беру кезінде айыппұл санкцияларына ілікпеу үшін мемлекеттік кірістер органдарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе ҚР электронды үкіметі (egov.kz) арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажеттігін ескертеді.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*