Nukte.kz > Конкурс > Мақала мазмұны

Сергек көшеде жалаңаш жүрген ер адамды түсіріріп алды

Ішіп алып Астана көшелерінің шырқын бұзған бұзақы мен велосипед ұрлаған суық қолды ұры «Сергек» бейнебақылау камераларының нысанасына ілініп, тәртіп сақшыларының қақпанына түсті,-деп   хабарлайды Елорда инфо Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қазанда ІІД Жедел басқару орталығының қызметкері Бөгенбай даңғылы бойында ішіп алып көшеде жанжал шығарып жүрген азаматты байқап қалып ол жаққа дереу жедел топ жөнелтеді. Бұзақыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Сондай-ақ келесі күні таңда сағат 6.00 шамасында бейнебақылау камерасы арқылы Республика-Кенесары даңғылының қиылысында велосипедті ұрлаған ұры да құрыққа түскен. Таң атпай ұрлықпен жедел жасақтың қолына түскен ұры 36 жастағы азамат болып шықты. Бүгінде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы бейнебақылау камералары күн сайын шамамен  200-ден астам түрлі қылмыс пен заң бұзушылықты анықтайды.

Мәселен, соңғы бір апта ішінде аталмыш қондырғы арқылы 1371 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, 20 факті -ұсақ бұзақылық, 135 факті -қоғамдық орындарда алкогольді сусындар ішу, 145 факті- қоғамдық орындарда мазалау, 300-ден астам факті- жол жүрісі қағидасын бұзу және шамамен 700 фактіге жуық басқа да бұзушылықтар анықталған. Мұнан өзге, ЖБО бейнекамера арқылы 7 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонаудың бетін ашылды».

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*