Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қыс ерте түседі және қарлы болмақ

Алдын ала болжам бойынша биылғы жылы қыс ерте түсіп және қарлы болуы мүмкін,-деп хабарлайды Елорда инфо Қазгидрометтің мәліметіне сүйеніп.

Биыл ерте сыр берген ауа-райына қатысты тұрғындар арасында алаңдаушылық бары байқалады. Өйткені, жаз аяқталмай жатып күн бірден өзгеріп, ара-тұра салқын түсіп, кей жерлерде қатты дауыл тұрып елді әбігерге түсірген болатын.  Осыған орай, тұрғындарды алдын ала хабардар ету мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК Орталық коммуникация қызметінде алдағы қысқы кезеңдегі ауа-райы болжамына арналған  жиын өткізді. Жиында Гидрометорталығының директоры Марина Шмидт пен Ауа-райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Акишева қатысып, ауа-райына қатысты өздерінің болжамдарымен бөлісті.

Мамандардың айтуынша, алдағы ай қараша жауын-шашынды және желді, таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, мұз құбылыстары болмақ.

-Айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жел күшейіп, боран соғып, қар күтіледі.  Ай бойы суытудың үш толқыны — айдың бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінде күтіледі, әрқайсысы алдындағыдан қарқындырақ болады,-дейді Ауа-райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Акишева.

Ал Гидрометорталығының директоры Марина Шмидттің айтуынша, ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес Қазақстанда қыс ерте және қарлы болатын көрінеді. Атап айтқанда, қарашаның соңында аяз болады деп күтілуде.

«Қараша айының соңында-ақ Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы түнде 30 дейін, күндіз 15 дейін аяз күтіледі. Оңтүстік жартысында түнде минус 15 дейін, күндіз 5 дейін аяз күтіледі»,-дейді Марина Шмидт.

Айтылған мәліметке сүйенсек, алдағы болатын ауа-райынығ жалпы жағдайы мынадай болмақ:

Тұрақты қар жамылғысының қалыптасуы:

Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында-қарашаның ортасында;

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында-желтоқсанның екінші жартысында күтіледі.

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес желтоқсан айында арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массасының жиі енуінен республиканың шығыс бөлігі жартысында суық және қарлы, ал батыс жаағының жартысында жылы ауа массасының шығуынан — жылы (нормадан 1°С жоғары) және аз қарлы ауа-райы күтілуде.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*