Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Көз көрген құбыжық

Көптен көкейде жүрген бір оқиғаны баяндайын. Сіздерге өтірік маған шын. Тек жындының сандырағы дей көрмеңіздер. Маған нанбасаңыздар сол өңірдегі осы оқиғаға куә болған қараша халықтан сұраңыздар. Біздікі қаз қалпында жеткізу.

Табиғаты таңқалдыратын Үржар өңірінде болған бұл оқиға. Тарбағатай тауының баурайында «Қарабұйрат» дейтін ауыл бар. Мезгіл, мамырдың мамыражай күндері болатын. Сол күні «Қарабұйрат» орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәлелхан Біләлов оқушыларға сабақты таза ауада, далада өткізбек болады. Көгал үстінде әдеттегідей жаттығулар жасалады, ойын ойналады. Сабақ соңында бір топ оқушылар серуендеп таяқ тастам жердегі өзенге барады. Кенет көк майса шөп қозғалғандай болады. Таң тамаша болған оқушылар алғашқыда еш селт етпестен, қызық көріп жақындай түседі. Қолдарына ілінген кесек тас лактырады.

Осы мезетте әлгі айтып отырған көк майса шөбіміз адамға айналады. Адам болғанда үстін салақтаған жүн басқан, кәдімгі ертегілерден көретін жабайы адам. (Олардың жүні жасыл түске беймделіп, жатқанда шөптен ажырату қиын болса керек) Оқушылардың дені қиқу салып, кері қашады. Қашпай қалып қалған Қуат пен Қуаныш есімді екі оқушы. Бетпе-бет кездескен бұл екеуі олардың бесеу екенін байқайды. Екеуінің бойы 2 метрден биік, қалған үшеуі сәл аласалау. (Біздің пайымдауымызша ұзын екеуі аталық пен аналық, қалғандары балалары болса керек) Бастары сопақша, беттері қап-қара түк басқан жабайы дамдардың ала көздерін екі оқушы анық байқайды. Бірақ, сәлден кейін жабайы адамдар тұра қашады. Қуат пен Қуаныштың айтуларына қарағанда желдей жүйткіген жабайы адамдарға жүйрік атта, құмай тазы да жетпейтін көрінеді. Олай дейтінім сол ауылдың тағы бір тұрғындары жабай адамдарды көріп, мотоциклмен қуалап жете алмаған.

Қош делік. Бұдан кейінгі әңгіме не болды дейсіздер ғой… Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәлелхан Біләлов үрейленген оқушыларды жинап алып, әңгімелеріне қаныққан соң көздеріне елестеген шығар деген нитепен барлығының қолына қалам мен қағаз беріп, әр кабинетке отырғызып, көрген бейнелерін қағазға салдырады. Ғажабы сол барлығы айна қатесіз бір бейнені салып береді. (Оқушылардың бейнелеген суретті қоса салып отырмын) Арнайы ғалымдар барған кезде оқушылар салған суретке қарап нақты жабайы адамдар екенін айғақтайды. Сәл тарихқа көз жүгіртсек, біздің арғы ата-балаларымыз жабайы адамдардың ұрғашыларын ұстап, тұқым алу мақсатта қазақтың батырларымен жақындастырған. Бірақ нәтижесі сәтсіз болғандықтан тұқым батыр емес, мешкейге айналып кеткен екен. Осыдан кейін оларды қырып тастаса керек.

Кей деректерде оларды төрт қолды адам депте атайды екен. Олай атауының себебі аналықтары жүгіре-жүгіре омыраулары салбырап, алыстан төрт қол тәрізді көрінеді екен. Тау бөктерінде белгісіз бір үңгір бар деп еститінбіз. Үңгірге жаяу-жалпы жету оңай емес әрине. Осы жазғы демалысымда сол үңгірді көзбен көруге ниеттендік. Жаныма достарым Талғат пен Сымбатты алып, таң бозара атқанда қарт Тарбағатай тауына шықтық, түс ауа таудың биік шыңына жеттік-ау әйтеуір. Бізге жол көрсетіп, бастап апарған Бахтияр есімді ағамыз, біз іздеп барған үңгірдің үстінен дәл түсірді. Шындығын айтқанда үңгірдің іші қараңғы, әрі қолқаны қабатын сасық иіс болғандықтан ішіне кіре алмадық. Қолымызда арнайы керек жарақтың жоқтығынан амал жоқ кері қайтуға тура келді. Бірақ, бұл үңгірдің нақты аң немесе жабайы дамдар екенін дөп басып айта алмаймыз әрине.

Мен бұл баяндап отырған оқиғамды әкемнен естідім, ал әкем болса осы оқиғаға куә болған Дәлелхан Біләловтан естіген екен. Бұл туралы Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінде орыс тілінде мақала да жарияланған. Тағы да біраз дәйекті дәлелдер келтірейін. Тарбағатай тауындағы жабайы адамдарды алғаш рет сол өңірдің халқы 1986 жылы көріпті. Бұл жайында аталмыш аймақтың тумасы, шежіреші Тұрысбек Құдайбергенов аудандық газетте жарияланған «Кісі киік» мақаласында айтады. Ал, Шығыс Қазақстан облысына тарайтын «Дидар» газетінің былтырғы жылғы шілденің 10-да шыққан № 73 санында профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарбек Кәрімов Тарбағатай тауының бірнеше жерінде кісі кейіптегі жабайы адамдардың нақты барын анықтайды.

Үржар ауданына қарасты Тасбұлақ ауылының халқы 2005 жылы бұл адамдарды бірнеше рет байқаған. 2011 жылы Благодатное ауылының малшылары таудан мал түсіріп келе жатқанда тұманың басында үстілерін жүн басқан, сабалақ маймыл тектес жабайы адамдардың бірнешеуін байқаған екен. Бұл не ғажап болды екен сонымен? Сенбейін десең көз көрген халық бар, сіз не дейсіз??????

Санат НҰРБАЙ

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*

  1. : Қорқынышты əңгіме. Шын болса, сол жаққа ғалымдар барып неге зерттемейді екен?
  2. : Мен қытайдың іле облысынан болам, біз жақта бұрын осындай құбыжықтар көп болған екен, олар балаларды ұрлап кетіп жеп қояды екен. Кейін қазақтар жиналып атып атып көздерін құртыпты. Оларды "xуxңзы" деп атаған екен.
  3. : Аты қытайшаға ұқсайды екен.
  4. : Суреті бар ма? Атып алса, неге суретке түсірмеген?