Жаңа жоба жемісін берді

Астана қаласы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту бағытында жаңа жобаны қолға алған болатын. Тәртібі қиын балаларға арналған №39 арнайы кешкі мектепте бүгінгі таңда бірнеше оқушы білім алуда

кешкі мектеп

Бүгін оқушылардың өзін-өзі басқару мақсатында осы мектепте президент пен оның екі орынбасарын, сондай-ақ заң шығарушыларын сайлау арқылы анқтады. Әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ашық түрде дауыс беріп, өз басшылары мен қалаулыларын сайлады.

бұзық балалар

Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Дана Молақованың айтуынша аталмыш жоба жақсы нәтиже берген. Түрлі тәртіп бұзып, ұрлық жасаған оқушылар түзеліп, оқуға деген ынталары да жақсарған. Әр сыныптың өзінің тәртіп-талаптары бар. Соған бағыну керек. Бағынбағандар жазаланады және қабырға газетін шығарады.

оқушылар

Оқушылар жазғы демалыста Құқық қорғау органдарының академиясында білім алып, арнайы сертификаттар алады. Мектепке профессор Федор Вассерман да келіп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқиды.

жасөспірімдер

тәртіпсіз балалар

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*
  1. Ансар: Осындай шаралар жиі әрі көп жерлерде өткізіп тұру керек сияқты