Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Ресми тіркелмеген такси жүргізушілері жазаға тартылады

Көлік қызметкерлері ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов өз бетінше жолау­шылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерді «Bus Lane» жолақтарына шыққаны үшін жауапқа тартылатынын ескертті, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

– Біз қазір ресми тіркелмеген такси жүргізушілерінің «Bus Lane» арнайы жол жолақтарына жиі шығып кететінін байқап отырмыз. Бірақ олар бұдан былай жазасыз қалмайды. Себебі қыркүйек айынан бастап «Сергек» жүйесінің көмегімен жол жүру ережелерін бұзу фактілері, оның ішінде жеке тасымалмен айналысатын такси жүргізушілерінің «Bus Lane» жолақтарына шығуы әп-сәтте анықталып отырады, — деп хабарлады Медет Құрманов.

Елорданың көлік қызметкерлері ассоциациясы төрағасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қоғамдық көліктерден басқа «Bus Lane» жолағымен Астананың жолаушылар көлігі басқармасында ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың көліктері жүреді.

Қазір ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың санын арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. Енді «Astana taxi» брендімен тек такси қызметін көрсетуші компаниялар ғана емес, жеке такси жүргізушілері де жұмыс істей алады.
Қазіргі таңда бірыңғай такси қызметі жүйесіне тіркелу қиын емес. Ол үшін таксомоторлы компаниялар қауымдастығына хабарласу қажет. Компанияның көлікке қоятын талаптары бар. Көлігіңіздің ескілігі 7 жылдан аспауы керек және оның түсі ақ болғаны жөн.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. 13: Агайындар бар го тек такси болу колынан келетин. .олар не истид? 500 тенге ушин биреуди кагуга дайын туратындар...
  2. Таксист: Қапрапайым таксистті бәрі қысқанды жақсы көреді. Ол ешкімнен ақша сұрап жатқан жоқ. Өз күнін өзі көреді. Соны да көп көресіңдер ме сонда?
  3. Болатбек: Сізді ешкім де қыспайды. тек тіркеліп ресми жұмыс істесеңіз болды.