Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Латын графикасына көшу – архимаңызды мәселе

Еліміздің латын графикасына көшу мәселесі толғағы жеткен үлкен мәселелердің бірі деуге әбден болады. Неге десеңіз, латынға негізделген ағылшын тілі халықаралық қатынаста барлық сала бойынша ортақ тілге айналғалы көп уақыт өтті.

Бір ғасыр бұрынғы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізінде ұлттық әліпбиді жасап шығаруы қандай маңызды болса, дәл бүгінгі таңда латынға негізделген әліпби қабылдауымызды заман талап ететін архимаңызды мәселе екені көрініп тұр.

Интернет саласының мамандары ретінде біз де бұл мәселені өте қолдаймыз. Оның өзіндік мынандай бірнеше себептері де бар:

1. Ұлттық әліпбиі латынға негізделген елде оқу-жазу, білім алу және ғылым тілі кішкентай жасынан басталғандықтан балалар үшін кейін, халықаралық масштабқа шыққанда оңай болады. Оған өзіміз сияқты кирилшемен білім алып, кейін халықаралық деңгейге шыққанда латынды меңгеру қосымша күшті, уақытты және бейімделуді талап ететін қиындықтарды көрген ұрпақты мысалға келтіруге болады.

2. Түркияның латынға көшкеніне 1 ғасырдай уақыт болып қалса, көрші бауырлас мемлекеттер Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан елдері қазір латын графикасын пайдаланады. Сол елдермен ауыс-түйіс жасап, әсіресе ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтасудың да оңай да ыңғайлы бір жолы осы әліпби болмақ.

3. IT саласында кез келген өнім программаға негізделгендіктен, ол программаның тілі ағылшынша жазылады. Осыған байланысты IT мамандары үшін бір ғана латынға негізделген қазақ тілімен болсын немесе ағылшын тілімен болсын жұмыс істеу өте оңайға соғады және тиімді болар еді.

Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ,
Ұлттық Интернет Ассоциациясының президенті

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. Гаррик: Тек ыңғайлы нұсқа бекітілсе екен...а то биздикилер сондай максимализммен кирисип, тым тырысып, қиындатып нускалар усынуда
  2. Қабанбай: Тілешов мырзадан басқа адамдар бар ма ұсынатын? Латынға көшкен дұрыс қой. Бірақ жалпы халық болып, талқылап жақсы нұсқа өткізу қажет