Премьер-министр жанармай тапшылығына жауапты шенеуніктерге шара қолданды

 

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсыныс жіберетінін хабарлады. Сонымен қатар Үкімет басшысы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметті босату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының вице-президенті Данияр Берлібаевты да орнынан босату туралы тапсырма берді, деп хабарлайды http://elorda.info 

«Мен мынандай шешімдерді қабыдамақпын.Үкімет мүшелеріне тәртіптік шараларды президент қабылдайтындықтан мен мемлекет басшысына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсныс жасамақпын » деді Премьер. «вице-министрлерге келетін болсақ, ол менің құзырымдағы шаруа. Осыған сүйене отырып Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатамын. Премьер-министр кеңсесі бүгін осы мәселеге қатысты Үкіметтің тиісті шешімін дайындасын» деп толықтырды Б. Сағынтаев.

Үкімет басшысы «Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметінен босату туралы да тасырма берді. «Премьер-министр ретінде және «Самұрық Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде «Қазмұнайгаз» ҰҚ басқарма төрағасына міндетін лайықты атқармағаны үшін тәртіптік шара қолдану туралы тапсырма жүктеймін»

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*
  1. Досым: Дұрыс шешім. Бірақ фбдағы шуды басудың жолы ғой