Астанада бір күндік тексерісте 40-тан астам құқық бұзушы адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Астана қаласының ІІД Жерігілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары жалға берілген пәтерлер мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамның қауіпсіздігін сақтап, халықты толығымен қамту мақсатында тұрғын үй кешендеріне апта сайынғы пысықтау тексерістерін өткізуде, — деп хабарлады Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі Elorda-info сайтына.

Тәртіп сақшыларының берген мәліметінше, шара барысында «Жайна»тұрғын үй кешеніне тексеріс жүргізіліп, 15 шақты әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Сондай-ақ, «Есіл» ауданындағы Е-16 көшесіндегі №4 үй кешенін тексеру кезінде 20-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар да анықталды.

Ал «Сарыарқа» ауданы бойынша, Сарыарқа даңғылындағы «Кенесары» тұрғын үй кешенінде 13 құқық бұзушылық фактісі тіркелді.

Нәтижесінде, бір күндік тексеріс жүргізу барысында 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркеліп, ҚР ӘҚБтК 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*
  1. Б: учасковыймен келисип тургыза береди. казир даже копбалалы анау мынау отбасыларга берилген уйлерди де арендага береди. оны ким аныктап жатыр. туннин бир уагында немесе тан атпай кошип жатады. корип журмиз го
  2. Сагынган: Арендага берушилерди устап бергенмен жадлдаушы да оз казагын емес пе. ал устап берсен кесири соган тиеди го. ананын неси кетеди
  3. Дүйсен: Жиі тексеру керек. Бірақ үй мәселесі шешілмей бұл бола беретінг проблема
  4. Самат: Үйді шешу үшін адамдардын жалакысы жаксы болу керек. Негизи турли программалар бар. Иликпей жатыр халык