Nukte.kz > Кеңес > Мақала мазмұны

Ұйықтағанда ғана кездесетін тылсым жайттар

Қара басу (Бастырылу)

Қара басу (Бастырылу)

Ұйықтап жатқан адам түсінде қара киімді көлеңкені (елесті) көріп қиналып жатады, қашайын десе, қозғала алмайды, айқайлайын десе даусы шықпай жатады. Ол көбінесі шалқасынан жатып қолын кеудесіне қойып ұйықтағанда немесе сол жақ қырымен жатқанда жүрекке қысым түскеннен болатын құбылыс.

Ұйқы алдындағы елес

Ұйқы алдындағы елес

Кейде адам ұйықтай бере неше түрлі елестерді көреді, өңі ме әлде түсі ме ажырата алмай қиналады. Мұндай құбылыс көбінесе балаларда кездеседі. Ол қалыпты жағдай болып есептеледі., көбінесе адам қатты шаршағанда, мас болғанда немесе күйзеліс кезінде болады.

Ұйқы сұрау

Ұйқысырау

Ұйықтап жатып сөйлеу – қатты шаршаған немесе сыр бүккен адамдарда жиі кездесетін қалыпты құбылыс. Көбінесе ересек ер адамдармен балаларда кездеседі немесе қандайда бір оқиғадан қатты шошынған адамдарда болады.

Түстегі түс

Түстегі түс

Кейде ұйықтап, түс көріп жатасыз, бір қателік жасап қатты өкініп отырғанда немесе көліктен қалып қойып қапаланып отырғанда «оянып кетіп», «Ой, түсім екен ғой, Құдай сақтады…»-дейсіз, шын мәнінде сіз әлі оянған жоқсыз, әлі ұйықтап, түс көріп жатырсыз.

Бұл да жиі кездесетін жағдай, көбінесе студенттер оқу маусымы басталар бұрын осындай түс көреді. Түсінде сабағы басталып кеткен, өзі кеш келіп сабаққа үлгере алмай жатады.

Ондай жағдай көбінесе мезгілді жоспарларға байланысты адамның санасында жүрген ойлардың көрінісі ретінде шаршап ұйықтаған кездерде кездеседі.

Ай кезбе

Айкезбе

Ертеде киіз үйде жатқанда ай сәулесі бетіне түскен адамдар ұйқылы ояу жүріп сыртқа шығып кететін болған, сондықтан да оны айкезбе деп атаған. Шайтан ертіп әкетті деп молдаларға да көрсетіп, дем салғызатын болған. Зерттеу бойынша бұндай жағдай адамдардың 4,6-10,3 %-ында кездеседі екен.

Қазіргі заманда ай сәулесі түспесе де ұйық кезінде кезіп кететіндер баршылық, оған ғалымдар да бір пәтуа айта алмай отыр.

Жарылыстан шошып ояну

Жарылыстан шошып ояну

Кейде жарылыстан немесе қандай да бір қатты дауыстан шошып оянасыз, бұндай жағдай көбінесе күндіз қандай да бір оқиғадан секемденгенде немесе күнделікті орыннан басқа жерде ұйықтағанда кездеседі.

Ұйқы апноэ

Ұйқы апноэ

Кейде ұықтап жатқан адамның уақытша тысысы тоқтағанын сезесіз, оны медицинада Ұйқыдағы апноэ деп атайды. Ол туралы zdrav.kz арқылы толық мағлұмат алуға болады.

Түстің қайталануы немесе жалғасуы

Түстің қайталануы немесе жалғасуы

Бұндай жағдай көбінесі алға қойған қандайда бір мақсатыңызға талпыну барысында мақсатыңызға байланысты оқиғаларды түсіңізде қайталап жатасыз немесе бір түстің жалғасын келесі ұйқыда көріп жатасыз, бұл да қалыпты жағдай болып есептеледі.

Төсектен құлау

Төсектен төсекке құлау

Кейде ұйқыға ене бере қандайда бір күш сізді төсекке лақтырып жібергендей немесе төсектен құлап баражатқандай сезімде болып шошып оянасыз. Ғалымдардың зерттеуінше кейде адамдар қатты шаршап ұйықтағанда тынысы баяулайды да миға «өліп барам» деген қате ақпар келіп түскеннен ми бұлшық еттерге қысым жасап адамды оятады, сондай кезде адам құлап бара жатқандай сезінеді.

Рухтың тәннен бөлінуі

Рухтың тәннен бөлінуі

Жиі кездеспейтін әрі шешімі жоқ құбылыс.

Адам ұйықтап жатып өзінің денесінен бөлініп шыққанын сезеді және өзінің ұйықтап жатқанын көреді, сонымен қоса маңындағы адамдарды, заттарды және болып жатқан оқиларды да көреді, алайда алыстап кете алмайды, соңынан қиналып оянады. Бұл құбылыстың қалай болатынын нейропсихология ғалымдары көп зерттеді, алайда неден олай болатынын таба алмады.

 Күрделі мәселенің шешімін табу

Күрделі мәселенің шешімін табу

Кейде қандайда бір мәселенің шешімін таппай қиналғанда түсіңізде қиналмай-ақ шешімін тауып жатасыз.

Орыс ғалымы Дмитрий Менделеев элемент кестесін құру барысында кездескен мәселелердің шешімін түсінде тапқан.

Август Кекуле де бензолдың химиялық формуласын түсінде көрген.

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*

  1. Саягул: неге автор ози туралы акпарат бермеген? не де болса кушти жазыпсыз рас. кызык окыганга
  2. Зарема: Синельниковты окысаныз тусинесіз нагыз подсознаниемен жумысты
  3. Аяжан: Керемет ақпарат) Осындай мәліметтер көбірек болсыншы )))
  4. Балым: Расымен біз білмейтін быраз тылсын дүниелер бар...