Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов атындағы ән байқау өтеді

тұрсынғазы рақымов

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов атындағы халықаралық «Сәби болғым келеді» дәстүрлі әншілер байқауы өтеді. Ашылу салтанаты қазан айының 10-күні қалалық мәдениет сарайында(ГДК) сағ. 14.00-15.00 аралығында өтіп, І кезеңі сағ. 15.00-19.00 жалғасады. Қазан айының 11 күні Абай атындағы музыкалық драма театрында байқаудың ІІ кезеңі 10.00-13.00 дейін жалғасып, сағ. 16.00-де салтанатты жабылу гала-концерімен аяқталмақ.

Байқаудың мақсаты – Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылық жолына кең талдау жасап, тереңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету. Халықаралық деңгейде өткізілгелі отырған ауқымды шараға байқау қонақтары ретінде Рамазан Стамғазиев, Толғанбай Сембаев, Ерлан Рысқали, Алмасбек Алматов, Әділ Тұрғанбаев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ғалым Мұхамедин, Ербол Айтбаев, Жоламан Құжыманов, Еркін Шүкіманов, Мәншүк Тұрсынғазина сынды дәстүрлі әншілер шақырылыған.
Келіңіздер, көріңіздер! 

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Семей: Мен сүйім тындайтын әнші сазгер, әттең Астанада болса ғой
  2. Клара: Жақсы бастама
  3. Олжас: Кеш естіп қалдық, барушы едім