Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қоқысты көшеге әдейі шығарған ПИК төрайымына ескерту берілді

Талдықорғандағы «Желание» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Л.Имандосова үйлерден шыққан қоқысты әдейілеп көшеге шығарып келген. Оның бұл әрекеті аулаларға қойылған Қалалық ІІБ бейнебақылау камерасына түсіп қалды (бейнебақылау камерасының уақытына назар аударыңыздар). «Дәл осы жердегі қоқысты біз кеше ғана алып кеткенбіз.

Бүгін таңғы сағат 8-дер шамасында тағы қоқыс жатқанын көрдім. Әдейілеп тоқтап, қасына барғанымда КСК төрайымы Л.Имандосованы кездестірдім. «Мынау сіздің қоқыстар ма?» деп сұрап едім, «Жоқ. Бір-екі қорап қана менікі» деп жауап беріп, қоқыс ішіндегі қораптарды алып кетті. «Бұнда қоқыс тастамаңыздар» деген ескертуді құлақтарына да ілмей, «Біз тастаған жоқпыз. Дәлелің қайда?» деп өзіме айқайлады.

Сонымен полиция шақыруға тура келді. Тәртіп сақшысымен бірге қалалық ІІБ-не барып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды ақтардық. Анықталғандай, аталған ПИК төрайымы қоқысты әдейілеп көшеге шығарған» дейді «Көркем Талдықорған» КМК директоры Владимир Қауысбеков. Айтуынша, үй аулаларына қойылған қоқыс контейнерлерін босату үшін ПИК төрағалары арнайы көлік шақыру керек. Және әр контейнердегі қоқысты тазалағаны үшін 500 теңге көлемінде ақы төлеуі тиіс. Бұл жағдайда ПИК төрайымы сол ақшаны үнемдегісі келген.

Осы мәселе бойынша ПИК төрайымына әкімшілік хаттама толтырылып, бір жолға ескерту берілді. Мұндай жағдай қайталанса, алдағы уақытта 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны ескертілді.

Талдықорған қалалық Тұрғын үй инспекциясы аталған оқиғаға байланысты қаладағы барлық ПИК төрағаларына ескерту хат жолдады. Егер, дәл осындай жағдай оларда да анықталса, тиісті заңнама бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Дос: ЕЕЕ ондайды күнде көріп жүркқой
  2. Самат: КСКнын жумысы кашан бакылауга алынады. оз билгенин истеп отырады. биздеги кск-нын бастыгы бурын оз бизнесин жасаган айел. ол тек акша жинаумен айналысады. лифттер жасамайд ылги. оны ким сайлаганын да ешким билмейд
  3. Жарас: Самат а че вы хотели..где бабки туда все претендуют