Футболдан Ұлттық Құраманың баспасөз мәслихаты өтті

Ұлттық Құрама шабуылшысы Сергей Хижниченко:

Сергей Хижниченко

– Біз үшін маңызды матч. Ұлттық Құрама үшін жанымызды саламыз. Жанкүйерлерімізды қуантқымыз келеді. Румынияда жаңа бапкер, құрамаларына жаңа ойыншылар қосылды. Бірақ бұл біз алаңдайтын нәрсе емес. Жақсы нәтиже керек екені түсінікті. Румыния жақсы команда, өз алаңдарында ойнайды. Біз де барынша тырысып, жақсы нәтиже алуға тырысатын боламыз.

Ұлттық Құрама бас бапкері Александр Бородюк:

Александр Бородюк

– Екі команданың да өздерінше дәлелдейтін нәрселері бар. Румынияда жаңа бапкер, алғашқы ойыны. Әлбетте маңызды матч жеке ол үшін де. Қызық ойын болады деп ойлаймын.

КСРО кезінде Румынияға қарсы ойнадым. Әдемі естеліктерім қалды. Ол кезде мықты құрама болатын. Қазір де жаңа ұрпақ өсіп келеді оларда. Сондықтан екі жақ та өздерін барынша көрсеткісі келеді.

Біздің бірнеше ойыншымыз жарақаттарына байланысты ойнай алмайды. Бірақ футболда ауыстырылмайтын ойыншылар болмайды. Бұл бір жағынан басқаларға шанс. Сол шансты қолдана алулары керек. Өздерін көрсетіп, негізгі ойыншыларға айналуға тырысулары керек. Және жалпы тек өздері емес, өз елдері үшін ойнаулары керек.

Чемпионаттағы турдан кейін Ұлттық Құрамада дайындыққа, ойын философиясын сіңіруге 5-6 күн керек. Сол жағынан кемшілігіміз бар. Бірақ барынша дайындалдық.

Румын құрамасында жаңа бапкер, оның не дайындайтынын біле алмаймыз. Оларда да өзгерістер болатыны анық. Қауіпті ойыншылары көп, әр позицияда мықты ойыншылары бар.

Ертең өзгеше тактикамен ойнаймыз. Тактикалық схемамыз әзір, тосынсый жасауға дайынбыз.

Аршат ОРАЗОВ Nukte.kz үшін арнайы Бухаресттен

Фото: Ильяс ОМАРОВ

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*
  1. Алтай: Жақсы жаңалық, жарайсың Аршат
  2. Алмай: Жақсы жаңалық
  3. Таха: Алға тек Алға!!!
  4. Марат: Жарайсың Аршат!