Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Семей облыс бола ма?

WhatsApp желісі мен әлеуметтік желілерде Өскеменде аз байытылған уран банкі орналасқандықтан оның жабық қала болатыны жайлы ақпарат тарады. Облыс орталығының статусы Семейге ауысатыны айтылған. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz YK-news.kz cайтына сілтеме жасап.

семей

«Өскемен мен Семей статустарының өзгеретіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов.

Шенеуніктің айтуынша, бұндай сөзді таратушылар жазаланады. Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқан адам 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

29 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің директоры Юкия Амано аз байытылған уран банкін ашқан еді.

Бөлісу: 

Пікір 9

Міндетті*

  1. Қанат: Облыс болады деп шуылдап жүр еді халық. Бір жағы болмағаны да жақсы болды.
  2. Нұржол: Семейдің обылыс болуына қандай-да бір саяси тосқауыл бар көрінеді.
  3. Семейбек: Ешқандай да саяи мәселе жоқ. Бұрынғы Семей облысы ШҚОға қосылғаны арқасында облыс қазақтанды.
  4. Айжан: Туған қаламыз облыс орталығы болса жақсы болар еді....
  5. Қайреке: 2003-тен бері сеніп күтіп жүр халық. Өскеменді қазақтандырғаны рас. Бірақ Өскемендіктер Семейдің адамдарынан өлердей қорқады. Қызық
  6. Марат: Сол облыс болады дегенге қуанбай қойғанда дұрыс, Өскеменде өз қаламыз....
  7. Марат: Облыс болмайды деп ренжіп жүр Семей халқы, ренжімеңіздер, Семей алаш елі бәрібірде
  8. Семей: Обалды қылды осы Семейді, халқы да мықты жасасын Семей
  9. галия: Жерге бөлінбеңдер. Семей де, Өскемен де жақсы қалалар