Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Украина мектептері оқушыларды тек украин тілінде оқытады

Президент Петр Порошенко қол қойған білім туралы жаңа заңға сәйкес, келер жылы барлық мектептерде бесінші сыныптан бастап украин тілінде оқыту міндеттелген.

Ал, 2020-шы жылдан бұл бастама бастауыш сыныптарды да қамтымақ. Жаңа заң бойынша оқушылар ана тілін тек жеке пән ретінде оқи алады.

Бірақ, Порошенконың батыл қадамы түрлі дау-дамайға ұласуы мүмкін. Елдегі поляк, румын және венгр диаспроларының өкілдері алаңдаушылық білдірісе, бірқатар еуропа мемлекеттері украиналық әріптестеріне хат жолдап үлгерді. Ресей де қатаң сынады. Алайда, Украина басшысы мұндай реформа мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, бәріне теңдей мүмкіндік беретінін айтты.

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. Гүлжан: Қазақстанда да осындай шешім қабылданса қалай болады екен а?