«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы» тақырыбында өтетін конкурс жарияланды

Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен «БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» жоба аясында конкурс жариялайды. Төменде осы конкурстың Ережесін жариялап отырмыз.

«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы» тақырыбында өтетін конкурстың ережесі

I. Жалпы мәлімет

1.1. Үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін Қазақстанда ашықтық пен есеп берушіліктің тиімді құралдары, қоғамдық бақылау және ақпаратқа қолжетімділік және басқадай азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді БАҚ пен интернет кеңістігі арқылы тиімді жеткізу мақсатында өткізіледі.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушы: Ұлттық Интернет Ассоциациясы.

1.3. Конкурсқа қолдау көрсетушілер: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

1.4. Осы Ереже Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды, тәртібі мен өткізілу мерзімін анықтайды.

II. Қатысу шарттары

2.1. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық деңгейдегі журналистер, блогерлер және ҮЕҰ өкілдері шақырылады.

2.2. Конкурсқа қатысу үшін қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған және оны БАҚ пен интернет кеңістікте тиімді жеткізген материалдар қабылданады.

2.3. Материалдар (очерк, сұхбат, мақала, фоторепортаж, видеоматериал, пост және т.б. сияқты түрлі жанрда қабылданады. Материалдардың қабылдану мерзімі: 2017 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қараша аралығы.

2.4. Кез келген БАҚ пен Интернетке шыққан материалдар ұсынуға болады. Материалды автордың өзі немесе сырттай ьбасқа дамдар немесе ұйымдар тарапынан ұсына алады. Жарияланған материалдардың көшірмесін, гиперсілтемесін немесе скриншотын жіберу қажет.
Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылған материалдарға қоса автор туралы мәліметтер (аты-жөні, қызмет және электрондық поштасы) қоса жіберілуі тиіс.

2.5. Бір автор тарапынан бірнеше материал ұсынылады.

2.6. Конкурсқа қатысуға қатысты барлық материалдар Ұлттық Интернет Ассоциациясына электрондық мекен-жай бойынша ұсынылады: info@uia.kz.

2.7. Жұмыстар көрсетілген жарияланған мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Конкурстың тақырыбына сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді.

III. Конкурстық жұмысты бағалау критерийлері

Материалдарды бағалау кезеңінде келесідей критерийлер назарға алынады:

– белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;
– деректің растығы және оның баяндалуындағы нақтылық;
– талдаудың тереңдігі мен проблеманы ашылуы;
– авторлық көзқарас;
– түпнұсқалылығы;
– стилі;
– журналистиканың этикалық принципіне сәйкестігі.

IV. Ұйымдастыру комитеті мен Конкурстың қазылар алқасы

4.1. Конкурстың Ұйымдастыру комитеті:
– Конкурстың дайындығы мен өткізілуі бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады.
– Конкурстың ережесі туралы және қазылар алқасының құрамын бекітеді;
– Конкурстық жұмыстарды қабылдау мен оларды бағалауға қатысты Конкурстың техникалық бөлігін қамтамасыз етеді;
– жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттауды ұйымдастырады.

4.2. Қазылар алқасы:

– Конкурстық материалдарды қарастырады, бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды.

V. Конкурстың қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау

5.1. Материалдарды қарастырып және жеңімпаздарды анықтау 2017 жылдың 10-15 қарашасы аралығында өткізіледі.

5.2. Конкурс қорытындысы бойынша ҮШ номинация («Әлеуметтік желідегі үздік пост», «Үздік видеоматериал» және «Үздік мақала») бойынша жеңімпаз анықталады және олардың әрқайсысы ноутбукпен марапатталады.

5.3. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2017 жылдың 15 қарашасына дейін өткізіледі.

5.4. Марапаттау рәсімінің уақыты мен орыны nukte.kz порталына жарияланады.

VI. Ұйымдастыру мәселелері

Толық ақпарат үшін төмендегі байланыс телефоны немесе электрондық поштасына хабарласуға болады: +7 707 952 40 64, info@uia.kz

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*