Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Америка Солтүстік Кореяға әскери қыр көрсетті

Америкалық бомбалаушылар кез-келген қатерге төтеп бере алатын әскери күштерін көрсету мақсатында Солтүстік Кореяның шығыс жағалауларынан ұшып өтті, деп мәлімдеді Пентагон.

Пхеньян соңғы айларда ядролық қаруы мен балиистикалық зымырандар дайындау ісін айтарлықтай жылдамдатты, ал, Трамп әкімшілігі АҚШ немесе оның одақтастарына шабуыл солтүстіккорейлік тәртіпті түбегейлі жоятындығын ескертумен келеді.

«Ұшырылған ұшақтар АҚШ-тың батылдығы мен президенттің кез-келген қатерге қарсы әскери мүмкіндіктерге ие екендігін көрсетті. Біз АҚШ территориясы мен одақтастарымызды қорғап қалу үшін барлық әскери күштерімізді қолдануға дайынбыз», – делінген Пентагон мәлімдемесінде.

Сейсенбі күні БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Дональд Трамп Солтүстік Корея көшбасшысы  Ким Чен Ынды өзін өзі өлтіру миссиясындағы «зымыран адамға» балады.

Жұма күні телеарналар арқылы жауап қайтарған Ким АҚШ президентіне тіл тигізіп, оны «есінен адасқан шал» деп атады.

Бұған дейін сенбі күні Солтүстік Корея аумағында гелогия қызметкерлері 3,4 магнитудалы жерасты дүмпуін тіркеген болатын. Көпшілігі мұны ядролық сынақ салдары деп күдіктенді. Алайда, ядролық жарылыстың басқа белгілері табиғи дүмпуге көбірек ұқсайтындығы дәлелденді.

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. Канат: соғыс болып кетпесінші өзі
  2. Патрон: Соғыстан Құдай сақтасын. АҚШ пен СССР-дің кезінде қырғи-қабақ соғыс кезінде аман қалғанбыз.