Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Педофилді ұрып жіберген сержант 2 жылға сотталды

Сәтбаев қалалық соты бес жастағы қызды зорлаған ер адамды бірнеше рет ұрып жіберген полиция қызметкерін 2 жылға соттады, деп хабарлайды Today.kz.

Оған ҚР ҚК 362-бабы «Қызметін асыра пайдалану» бойынша айып тағылған еді, бірақ Сәтбаев қалалық сотының төрешісі Жақсыбек Сқақов қарауылшы жасақтың қызметкерін ҚК 1 бөлім 146-бабы «Азаптау» бойынша кінәлі деп тапты.

«Сот сотталушыны екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қосымша жаза үшін сотталушыға бостандыққа шыққан соң жарты жыл көлемінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады», – деді сот.

Бұл істің басты дәлелі полициялардың өздері түсірген видео еді. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбадан полицияның шыдамай бес жастағы қызды зорлаған педофилді ұрған сәті көрінеді. Осыдан кейін сержант жұмысынан шығарылып, қамауға алынған еді. Кейін кепілдікпен босатылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, педофил 23 шілде күні тұтқындалды. Полицияға бес жастағы қызын іздеген әке хабарласты. Тергеу тобы жоғалған қызды зорлаған 50 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты. Жәбірленген қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Ал Сәтбаев қаласының тұрғындары педофилді ұрған полицияны қолдап әлеуметтік желілерге жазба қалдыруда.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Канат: өлтіріп тастаса да соттамау керек оны
  2. Баука: шығару керек оны,соттаған нес???????????????
  3. Дос: Ату керек ол педофильдерді,мал