Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Елордада заңсыз мигранттарға 1,8 млн теңгеге айыппұл салынды

Астаналық полицейлер 18-20 қыркүйек аралығында көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін орындар, құрылыс нысандары, адамдар көп шоғырланатын жерлер, әсіресе базарлар мен вокзал маңы, өнеркәсіп аймақтары тексерілді.
Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Туткушевтің деректері бойынша, атқарылған жұмыстар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 449 факті анықталды. Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 52 адам, оның ішінде азаматтық сот өндірісінің тәртібінде 1 адам елден шығарылды. 249 шетел азаматына ел аумағында болу мерзімдері қысқартылды. Қаланың қабылдап-тарату орнына ТМД-ның 90 азаматы жеткізілді. Іздеуде болған бір қылмыскер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша елден аластату туралы сот шешімін орындамауға қатысты 13 қылмыстық іс тіркелген. ІІБ есебіне 369 адам қойылды. «Рейд кезінде барлығы 1,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, олардың ішінде шамамен 1,3 млн. теңгесі өндіріліп алынды», — деп мәлімдеді Еркетай Туткушев.
Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*