Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Бензин тағы қымбаттады

Еліміздің солтүстік аймақтарында Ресейден тасылатын жанармай бағасы тағы қымбаттады. Қазір сұранысқа ие АИ-92-нің бір литрі 150 теңгеден сатылуда, ал АИ-95-тің құны 165 теңгеге жеткен.

Бұған көрші елдің көтерме саудамен айналысатын фирмалары кінәлі көрінеді. Сондай-ақ, астаналық және қарағандылық жүргізушілер де қымбат бензин алуға мәжбүр. Кәсіпкерлердің айтуынша, жуырда Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатса, теріскейде жанармай мүлдем тапшы болып кетуі мүмкін. Шығыстағы жүргізушілер қазірдің өзінде бензин таппай сенделіп жүр.

Қанша наразы болса да амалы жоқ жүргізушілер көліктеріне қымбат отын құйдырып жатыр. Өйткені өңірдегі бекеттердің 70 пайызы көрші елден тасылатын жанармайды сатады. Бұл жағдайға Ресейдің көтерме саудамен айналыстан фирмалары кінәлі деген кәсіпкерлер жүргізушілерге жаға ұстатарлық хабар жеткізді. Отын бағасына ресей рублі бағамының көтерілуі де кері әсерін тигізіп отыр. Оның үстіне көрші ел күні кеше ғана жанармай акцизіне салынатын салықты да көтерген көрінеді.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*