Мектепке хиджап киіп келу мәселесінің нүктесі қойылды-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мектепке хиджап киіп келу мәселесінің нүктесі қойылды

 

 

Оқушылар мектеп қабырғасында ақ орамал тағып, ұзын кең етекті көйлекпен немесе хиджаппен келуіне бола ма?

 Соңғы күндері еліміздің әр өңірінде мектепке ақ орамал тағып келіп, білім ошағына кіре алмай қалған оқушылардың дауы ушығып барады.

Бұл сұраққа Қазақстан республикасы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов былай деп жауап берді.

«Білім және ғылым министрілгінің мектеп формасына қатысты №26 бұйрығы бар. Оның ішінде білім алушылар мен олардың ата-аналары мектеп формасын сақтау және қамтамасыз етуге міндеттілігі анық жазылған. Сондай-ақ «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 5-тармағында ешкімнің өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстанның Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқы жоқ.

Мектеп формасына қойылатын талаптарда «діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қоспау» деген ереже қамтылған. Жалпы «мектеп формасын сақтау» дегеннің өзі «басқа атрибутика мен элементтерді қолданбау» дегенді білдіретіні белгілі. Және бұл тек діни атрибуттарға ғана емес, басқа да ерекшеліктерге тыйым салынатынын білдіреді.

Мәселен, бала мектепке еркін киім үлгісімен, сәнді немесе спорттық киімдермен, жарқыраған әшекей бұйымдармен келе алмайды. «Форма» ұғымы соның бәрін реттейді. Бұған қоса талаптардың 13-тармағында мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтыны атап көрсетілген. Бұл мектепте хиджаб киюге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдіреді.

Осы аталғандардың барлығы заң талабы, мемлекет басшысының шешімі болып табылады. Ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсұну міндетті. Ал оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушылық ретінде айыпталады. Құранда «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә» деген аят бар («Бақара» сүресі, 191-аят).

Сондықтан мектептегі хиджаб мәселесін көтеруші азаматтарға сенім бостандығына мүмкіндік беретін заңға және басшыға бағынудың әрі азаматтық міндет, әрі мұсылмандық парыз екенін түсінгендері жөн».
Дереккөз:
Алаш айнасы.

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. моника кышкентай кызбал: Мектеп окушыларына орамал тагу керек емес Казакта ауретты жерынды жауып жур деген Бас шаш бет ол ауретты жер емес кой. Бетын жауып тумшалайтын арабтар.Баягыда олар дын жерлеры жел тоырак болган сондыктан айелы де еркегыде содан сактанып бе ттерын жапкан.Кыз бала турмыска шыкканнан кейын орамал тартса болада.Тек орамал тартып тумшаланган сакал койган адамдар гана алланы быледы ме намаз окыгандармен. Барыде алланы аузынан тастамайды. Санасына берсын.Барымызде алланын кулымыз. Орамал тартып тумшаланып журмеймыз гой.муслуманбыз деп.Ислам дынын булай бурмалап олай бурмалап.Арабтардын салтын тыкпалай бермей.Бу дуниег жаланаш келдык пе о дуниеге де жаланаш кетемыз.Бары бытып кышкентай кыздарга орамал тарту калды ма. Мектепке форма кигены дурыс .Не мектеп формасымен алысып кеткен адамдар.Орамал орамал деп