Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты дөңгелек үстел өтеді

Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен, сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ақпараттық қолдауымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Дөңгелек үстелдің мақсатыүкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін  Қазақстанда ашықтық  пен  есеп  берушіліктің  тиімді  құралдары, қоғамдық бақылау   және   ақпаратқа қолжетімділік және басқадай азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Осы мәселелер қазір Интернет кеңістігі арқылы қалай шешімін таба алуда немесе қандай проблемаларға тап келіп жатқандығы зерделеніп, ойлар айтылады.

Шараға қоғамдық ұйымдар өкілдері, журналистер мен танымал блогерлер қатысады. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық бақылау   және   ақпаратқа   қолжетімділік құралдарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселелерін медиа кеңістікте көтеру жайы қарастырылады. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған іс-шаралар арқылы халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпаратты қоғамға жеткізу жолдары анықталады.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша, азаматтық  қоғам   саласындағы   өзекті  мәселелерді қозғайтын ақпараттық материалдарды интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда жариялаудың тиімді жолдары анықталады. Сонымен қатар осы тақырып бойынша журналистер мен блогерлер арасында арнайы конкурс жарияланады.

Шара 20 қыркүйек, сағат 10:00-де «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13, 5-қабат, конференцзалында өтеді.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*