Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Құлаған үйдің астында қалды

Астанада опырылып құлаған үйде бір адам қаза болып, біреуі үйіндінің астында қалды.

 

Астанада Сарыарқа ауданындағы  жаңадан салынып жатқан Алаш көшесіндегі 25 үйдің шатырында плитасы опырылып түсіп, 1 адам қаза болған және бір адамның үйінді астында қалғаны туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Комитет өкілінің мәліметінше, қаза болған бір адам және үйінді астында қалған бір адамнан басқа бір адам дене жарақатын алған. Оқыс жағдай 17 қыркүйекте сағат 11.56-да болды. Барлығы да Өзбекстан азаматтары.

«Төтенше жағдайдан алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті: бір адам қаза болды, бір адам ауруханаға жеткізілді және бір адам үйінді астында қалды. Адамдардың аты-жөні анықталып жатыр», -деді Р. Иманқұлов.

«Үйінді астында қалған адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, онда барлығы үш құрылысшы жүрген», — дейді Руслан Иманқұлов.

Комитет өкілінің айтуынша, төтенше жағдай орын алған жерге  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің бөлімшелері – Астана қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті, Астана  қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарының қызметі, ҚР ІІМ ТЖК апаттардың медициналық орталығы, өңірлік аэромобильді жедел-құтқарудың орталық отряды жұмылдырылды. Барлығы үйінділерді жою мен зардап шеккендерді іздестіру шараларына 15 құтқарушы, мамандандырылған техника мен мамандандырылған жабдық жұмылдырылды.Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген. Қазір үйіндінің астында қалған азаматты іздестіріп жатыр.

Тағы бір белгілі болғаны, Астана қаласы ІІД бастығы орынбасарының тапсырмасы бойынша тергеуші Б. Шлянов жетекшілігінің астында тергеу амалдарын жүргізетін жедел-тергеу тобы құрылып отыр. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін  К. Саяхат (нысанға тапсырыс беруші), «ЭКО-ЖС» ЖШС (нысанның бас мердігері), С. Струминский (авторлық қадағалау), А. Нугманов (учаскі бастығы) елорданың ІІД жеткізілді. Аталмыш оқиға тіркелді, процессуалды прокурор болып Н. Айтжанов белгіленді.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*