Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Лондон метросындағы лаңкестер ұсталды

15 қыркүйекте Ұлыбританиядағы Лондон метросында болған лаңкестік әрекетке қатысты күдікті ұсталды. Полиция 18 жастағы күдіктіні Лондоннан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жердегі Кент қаласында ұстаған.

Лондон метросында «Парсонс-Грин» бекетінде жұма күні таңертең болған жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам зардап шеккен. Қолдан жасалған бомба толық жарылмай қалған. «Ислам мемлекеті» террорлық тобы терактіге жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Ұлыбритания билігі террор қаупінің «ең жоғары деңгейге» дейін көтерілгені туралы жариялап, темір жолдар мен қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*