Nukte.kz

Hi-Tech

АҚШ-тағы көшбасшы қазақ қызы

Әсел Аяпова – Орал қаласында туып-өскен қарапайым қазақ қызы. Жасы 38-де. Үш баланың анасы. М.Ломоносов атындағы ММУ-ді, Варшавадағы Леон Кузьминский академиясы жанындағы бизнес мектебін бітірген. Стэнфорд және Джордж Вашингтон университетінде білімін жетілдіруде. Қазір АҚШ-тың AES корпорациясының Арлингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс істейді. Осы корпорацияның әлемнің 16 еліндегі халықаралық инновациялық бағдарламасын ұршықша иіріп, басқарып отыр. Таң қаларлығы, ол жобаларды басқару саласындағы 14 жылдық тәжірибесінде 12 түрлі салада жұмыс істеп, жиынтық бюджеті 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 30-дан аса жобаларды табысты аяқтаған.

08.01.2019(120)